Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бали жағалауында туристер отырған қайық жарылды

kz.kursiv.media

Бали жағалауында туристер отырған қайық жарылды

Индонезияның Бали аралы жағалауында бортында төрт ресейлік турист пен гид болған қайықта жарылыс болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ТАСС ақпаратына сүйенсек, қайық шығанақтан шығып, бағыт бойынша келесі нүктеге бет алуға дайындалып жатқанда, аккумулятор орналасқан артқы бөлігінде жарылыс бұрқ еткен. Одан кейін өрт тұтанған.

Полицияның мәліметінше, жарылыстан соң туристер мен гид тілсіз жаудан қашып, теңізге секірген. Өтіп бара жатқан басқа кеме оларды судан шығарып, жағаға жеткізді. Борттағылардың барлығы аман қалды.

Гидтің айтуынша, қайық жолға шығар алдында техникалық тексерістен өтіп, жүзуге жарамды деп танылған.

Айта кетейік, осыған дейін Балиде жезөкшелікке қатысты рейд кезінде Қазақстан азаматы ұсталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар