Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда мал ұрлығына қарсы 10 мобильді бекет қойылды

kz.kursiv.media

Павлодарда мал ұрлығына қарсы 10 мобильді бекет қойылды

Павлодарда «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.media.

Polisia.kz хабарлауынша, өңірде мал ұрлығының алдын алу, ет өнімдерінің заңсыз саудасын анықтау және ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

«Полиция қызметкерлері ветеринариялық инспекторлармен бірлесіп, сауда орындарын және мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың ықтимал бағыттарын тексерді. Рейдтік топтар облыс аумағындағы автожолдар арқылы мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың заңдылығын тексеруге ерекше назар аударды», – делінген хабарламада.

Облыстан шығатын тасжолдар мен қалаға кіреберіс жолдарда 10 мобильді бекет қойылған. Тексеру барысында көлік құралдары тоқтатылып, тасымалданатын жүктің ветеринариялық ілеспе құжаттарға сәйкестігі, жануарларда құлақ биркаларының, ал ет ұшаларында ветеринариялық таңбалардың болуы тексерілді.

Айта кететін жайт, полиция малды ұрлықтан сақтау үшін GPS трекер орнатуды ұсынған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар