Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Сіңір»: экс-депутат Самат Нұртаза 123 күннен бері жұмыссыз жүргенін айтты

kz.kursiv.media

«Сіңір»: экс-депутат Самат Нұртаза 123 күннен бері жұмыссыз жүргенін айтты

Бұрынғы Мәжіліс депутат Самат Нұртаза 123 күннен бері жұмыссыз жүргенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Сөзіне қарағанда, бұрын аралас-құралас болған әріптестері мен шенеуніктер бір күнде ғайып болған.

«Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды. Бұрын батарейкасы тез отыратын смартфоным қазір тыныш, 2 күнге қуаттылығы жетіп жатыр. Һәм адами кейіп сақтап қалған 7-8 адамнан басқа ешкім хабарласпайды. Өзім звандасам, трубканы көтеретін әріптестер мен шенеуніктер телефон көтермейтін болды», – деп жазды Самат Нұртаза.

Депутат бұған таңырқамайды, солай болатынын білген. Бірақ «дәл осы өзгермейді-ау» деп сенген адамдарының да өзгергенін көрген.

«Сэм, братан!», «В любое время, Сәке!», «Всегда на связи, Самат Русланович!» деп қорқорға шақыратын вице-министрлер ләм-мим ғайып болды. Ең қызығы, бұл құбылыс, қазіргі Құрылтайдың 145 депутатының басынан өтетін жәйт», – деді бұрынғы депутат.

Оның айтуынша, бұл 123 күн жақсы өмірлік сабақ болған. Жұмыссыз қалған бұрынғы әріптестері – 18 депутаттың бүгінде оның күйін кешіп жатқанына бек сенімді.

«Жалпы шенеуніктердің лауазымға кенедей жабысып, кеткісі келмей, қызметте өлердей қалуға тырысатын себебін түсіндім. Лауазым, ол – көпшілік ойлайтын, нақты бір ақша, билік, кабинет емес екен. «Лауазым» – «социумға керектігің», нақты өз шегелеген орның екен. Адам сол өз орнын жоғалтып алмау үшін психологиялық майданда күресетін сияқты. Сол қоғамға керек болғанын сезіну – шенеуніктің басты допингі. Мемлекеттік қызметте болмаған адам бұл құбылысты түсіне алмайды», – деп ағынан жарылды Самат Нұртаза.

Айта кететін жайт, Самат Нұртаза бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен қауымды «сіңір» деп атауымен есте қалған болатын.

Оның депутат кезінде министрден жоғалған смартфонын тауып беруді сұрағаны бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар