Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. — Ардақты ағайын! Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы. Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі. Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз. Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын! Әр шаңыраққа құт-береке қонсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!, — делінген құтықтауда. Айта кетейік, кеше Қазақстан және Иран басшылары бір-бірін Құрбан айтпен құттықтады.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 21
-
- Шілде, 18
-
-
-
-
-
- Шілде, 17
-
-
-
- Шілде, 16
-
-
- Шілде, 15
-
-
-
- Шілде, 14
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 шілде 2025