Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Табысынан салық төлеуі керек»: Сәкен Майғазиевтың ақылы «онлайн тойы» комитеттің назарын аударды

paryz.kz

«Табысынан салық төлеуі керек»: Сәкен Майғазиевтың ақылы «онлайн тойы» комитеттің назарын аударды

Бұл қазақ қоғамында алғаш рет өткізілген ақылы онлайн-той ретінде тіркелді. «Қаралып отырған жағдайда онлайн-үйлену тойына қатысу үшін 1380 теңге көлемінде ақы алу табыс табуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет болып саналады. Егер шараны ұйымдастырушы жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелсе, ол алған табысын декларациялап, жеке табыс салығын төлеуге міндетті», – делінген Комитет түсіндірмесінде. Яғни, бұл табыс заң жүзінде салық салынатын кіріс ретінде қаралады. Еске салайық, танымал әнші Сәкен Майғазиев көпшілікті ұлы Әділет пен келіні Әдияның үйлену тойын онлайн көруге шақырды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Әділет пен Әдияның қуанышына арнайы Telegram-арнасы ашылған. Тойды үйінде отырып-ақ тамашалағысы келетін жұрт осы арнаға тіркеліп, мерекенің ең жарқын сәттерін көре алады. "Ұлымыздың үйлену тойын сіздермен бөлісу үшін арнайы жабық Telegram-арнасын аштық. Бұл арнада тойдың ерекше әрі қызықты сәттерін онлайн тамашалауға мүмкіндік бар. Қуанышымызға ортақтасып, онлайн тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз", – делінген хабарламада. Telegram-арнаға тіркеліп, тойдың онлайн қонағы болғысы келгендерге 1380 теңге төлеу қажет.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 маусым 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар