Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары жалғасады

kz.otyrar.kz

Есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары жалғасады

Заң үстемдігі жоғары тұрғанда, құқықбұзушылыққа қарсы ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанда ешқандай қылмыс құқық қорғау қызметкерлерінің назарынан тыс қалмайтыны анық. Әрине заңды білмедім деу қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Құқықтық сананың деңгейін арттыру бағытында да насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Дегенмен қылмысқа барып жатқандардың қатары аз емес. Күні кеше қылмысқа бой алдырған жас жігіт қолға түсті.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі таратумен айналысқан жас жігітті қолға түсірді. Бұл шараның мақсаты – есірткі бизнесін жою, арадағы делдалдарды қолға түсіру мен есірткі ұсынушы тұлғаларды анықтау болып табылады.

Полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында жалдамалы пәтерге тінту жүргізді. Тінту нәтижесінде құрамында мефедрон психотроптық заты бар үш орама табылып, тәркіленді. Бұл есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамда нашақорлықтың қалыптасуына және қоғамның қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді туындатуында.

Алынған заттар сараптама өткізу үшін мамандандырылған лабораторияға жіберілді. Оқиға орын алған жерге қосымша полиция қызметкерлері жұмылдырылып, дерек бойынша тіркелген іс қозғалды. Тексеру барысында күдіктінің ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап есірткі сататын интернет-дүкеннің курьері әрі ораушысы ретінде заңсыз қызмет атқарғаны анықталды. Кейін күдіктінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері барысында қала аумағынан жасырылған орын анықталып, одан мефедрон салынған ірі орама тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Балаларды, жастарды және жалпы халықты есірткіден қорғау – еліміздің маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан Полиция департаменті есірткіге қарсы күресті жалғастыра отырып, қоғамда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

Криминалдық элементтермен күрес пен есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары жалғасады. Есірткі пайдалану және таратуды тоқтату – бәріміздің жауапкершілігіміз. Қоғамда ешқандай да қылмыс назардан тыс қалмайды. Білім бесіктерінде қылмыстың соңы неге апарып соқтыратыны жөнінде ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Дегенмен жеңіл жолмен оңай ақшаға қол жеткізгісі келетіндер аңдаусызда қылмыстың қақпанына тұтылып жатыр. Сондықтан да қылмыстың алдын алу үшін ақпараттық бағыттағы түсіндірме жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуі тиіс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар