Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада парашют жеткізуші кәсіпкер алаяқтық үшін 6 жылға сотталды

kz.kursiv.media

Астанада парашют жеткізуші кәсіпкер алаяқтық үшін 6 жылға сотталды

Астанада парашют жабдықтарын жеткізу кезінде ірі көлемде алаяқтық жасаған компания басшысы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Астана сотының мәліметінше, ЖШС басшысы «Қазспецэкспорт» РМК-мен 874 млн теңгеге келісімшарт жасасқан. Ол аванс алу үшін сақтандыру шартын рәсімдеп, бюджеттен 646 млн теңге алған. Алайда тауарды белгіленген мерзімде жеткізбей, қаражатты өз қажетіне жұмсап жіберген.

Нәтижесінде сақтандыру компаниясы «Қазспецэкспортқа» 646 млн теңгені төлеп беріп, өзі де шығынға ұшыраған. Сотта кәсіпкер өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сотталушы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін айыпты деп танылып, 6 жыл 8 айға сотталды. Сот жаза тағайындау кезінде оның екі кішкентай баласы барын ескерді. Келтірілген шығын әлі өтелмеген.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар