MEGA, Dostyk Plaza, Esentai Mall: ірі сауда орталығының қожайындары қанша табыс тапты
Forbes Kazakhstan журналы Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлік иелерінің жаңартылған рейтингін ұсынды. Тізімді «MEGA» сауда орталықтарының желісіне иелік ететін бизнесмен Нұрлан Смағұлов бастап тұр, деп жазады Kursiv.Media.
Оның объектілерінен түсетін болжамды жылдық түсім 70 млрд теңгені құрады.
Екінші орынға «Mercury Properties» компаниясы арқылы еліміздің бірнеше қаласында ауқымды сауда және бизнес-орталықтар желісін басқаратын Тимур Құлыбаев (42,96 млрд теңге) жайғасты.
Алғашқы үштікті Алматыдағы «Dostyk Plaza», Шымкенттегі «Shymkent Plaza» және Астанадағы «Евразия» сауда орталықтарына иелік ететін Серік Төлбасы (30,25 млрд теңге) түйіндеді.
Рейтингке енген 20 ірі рантьенің еншісінде жалпы саны 72 коммерциялық объект бар. Оның 39-ы (54,2%-ы) бизнес-орталық болса, 33-і (45,8%-ы) – сауда және сауда-ойын-сауық орталықтары. Нысандардың басым бөлігі (63,9 пайызы) Алматы қаласында орналасқан. Астанада 24 нысан (33,3%), ал Шымкентте 2 объект (2,8%) бар. Бәрінің жалпы коммерциялық ауданы 1,5 миллион шаршы метрді құрайды.
Ұсынылған нысандардың болжамды жалпы жылдық түсімі 249,8 миллиард теңгеге жетті. Оның 184,6 миллиард теңгесі (73,9%-ы) сауда орталықтарынан, ал 65,2 миллиард теңгесі (26,1%-ы) бизнес-орталықтардан түскен.
Кірістің негізгі бөлігі Алматы (169,1 млрд теңге) мен Астанаға (73,8 млрд теңге) тиесілі. Орташа есеппен бір сауда орталығы жылына 6,3 миллиард теңге, ал бір бизнес-орталық 1,8 миллиард теңге табыс әкелген.
Бұған дейін Forbes Kazakhstan елдегі ең ықпалды бизнесмендердің тізімін жариялаған.
- Соңғы
- Қараша, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 қараша 2026