Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні шекара асырмақ болған

kz.kursiv.media

Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні шекара асырмақ болған

Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні Қазақстаннан заңсыз шетелге әкету әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады. Құзырлы органның мәліметінше, сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түрлерін ел аумағынан заңсыз әкету фактілерінің жолы кесіліп жатыр.

«2026 жылғы 31 қазанда Түркістан облысындағы «Целинный» өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен әкету әрекетінің жолын кесті. Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды», – делінген хабарламада.

Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін. Аталған факті бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданған.

Айта кететін жайт, Павлодарда заңсыз тәлімбақтан Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құс тәркіленген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар