Атырау-Самара құбыры арқылы қайта мұнай айдала бастады
«Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры арқылы қайта мұнай айдала бастады. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады деп жазады Kursiv Media.
«2026 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша «Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау штаттық режимде жүзеге асырылуда. Техникалық тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнай айдау қайта қалпына келтірілді», – деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 2 қараша күні таңертең Ресей Федерациясының аумағындағы Самара торабы нысандарына дрондар шабуылына байланысты мұнай қабылдау уақытша тоқтатылған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Атырау – Самара құбыры Қазақстандағы мұнай кен орындарын Ресейдің мұнай тасымалдау жүйесімен байланыстырады. Бұл бағыт арқылы қазақстандық мұнай одан әрі экспортталады. Құбырдың жалпы ұзындығы шамамен 1 380 шақырымды құрайды.
Дрондар шабуылы елдің мұнай экспортына бұған дейін де бірнеше рет зиянын тигізген. Биыл жазда Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалындағы танкерге тағы да дрон шабуыл жасап, мұнай тиеу жұмыстары қайтадан уақытша тоқтатылған.
Құбыр жұмысының тоқтауы салдарынан Қазақстан мұнай өндірісін азайтты. Сарапшылар сол кезде бюджет пен Ұлттық қорға ақша шетелге сатылған мұнай есебінен түсетіндіктен, бұл жағдай Қазақстан үшін тиімсіз екенін айтқан.
Оқи отырыңыз:
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қараша 2026