"Еуропа плюс Қазақстан" радиосы енді Hit FM Qazaqstan деп аталады
«Еуропа плюс Қазақстан» радиосы ребрендинг жасады, енді Hit FM Qazaqstan деп аталады. Бұл туралы радиостанция жеке парақшасында хабарлаған, деп жазады Kursiv.Media.
«2026 жылдың 1 қарашасынан бастап «Европа Плюс Қазақстан» радиосы өз жұмысын HIT FM Qazaqstan жаңа атауымен жалғастырады. Бізбен бірге бір толқында болыңыздар», – деп жазылған хабарламада.
Компанияның мұндай қадамға не себепті барғаны, ары қарай қандай форматта жұмыс істейтіні белгісіз.
«Европа Плюс Қазақстан» радиостанциясы 1997 жылғы 28 сәуірде хабар тарата бастады. Алғашқы жылдары еліміздің 28 қаласында өз желісін қалыптастырды.
2011 жылғы қаңтарда радиостанциялар жиіліктері мен хабар тарату аумағын алмастырды. Нәтижесінде «Ретро FM» Алматыдағы 107 FM жиілігіне көшіп, «Европа Плюс Қазақстанның» өңірлік хабар тарату желісін иеленді. Ал «Европа Плюс» Алматыда 91,7 FM жиілігінде хабар тарата бастады. Басқа қалалардың тұрғындары радионы интернет арқылы тыңдай алды.
2020 жылғы 15 тамызда «Европа Плюс Қазақстан» 28 қалада қайтадан эфирге шықты. Радиостанция «Ретро FM» пайдаланған жиіліктерге оралды. Алматыда 107 FM жиілігінде хабар тарата бастады. Ал бұрынғы 91,7 FM жиілігінде «Эльдорадио» іске қосылды.
Оқи отырыңыз:
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қараша 2026