Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Митталдан кейінгі кезең: президент Теміртауда «Qarmet» ұжымымен кездесті

kz.kursiv.media

Митталдан кейінгі кезең: президент Теміртауда «Qarmet» ұжымымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауға жұмыс сапары барысында «Qarmet» акционерлік қоғамының ұжымымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді. Жиында өңірдің экономикалық жетістіктері мен комбинаттың алдағы жоспарлары сөз болды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Қарағанды облысы мен ел экономикасының қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен Президент отандық металлургияның маңызына тоқталды.

«Қарағанды металлургия зауыты отандық металлургияның қара шаңырағы, тұтас аймақтың экономикалық тірегі саналады. Бұл ірі кәсіпорын еліміздің индустриялық әлеуетін арттыру ісінде ерекше рөл атқарады», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Qarmet компаниясының бұған дейінгі жағдайы күрделі болғанына назар аударып, қабылданған шаралардың нәтижесін атап өтті. Шығыстарды оңтайландыру және инвестиция тарту арқылы компания былтыр 1,1 триллион теңге түсіммен таза пайдаға шыққан. Сондай-ақ, 2028 жылға дейін өндірісті жаңғыртуға 3,5 миллиард доллар жұмсалатыны айтылды.

Жиын соңында Президент кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігіне оң баға беріп, Теміртаудағы трамвай қозғалысының қалпына келтірілгенін және «Болашаққа жол» атты жастарды қолдау бағдарламасы қолға алынғанын атап өтті.

«Білікті мамандарға, әсіресе, жұмысшы мамандық иелеріне сұраныс артып келеді. Бағдарлама, ең алдымен, осы үдеден шығады. Бұл бастамаға басқа да ірі кәсіпорындар қосылады деп үміттенемін», – деді президент.

Айта кетейік, осыған дейін Qarmet биыл 4 млн тонна болат өндіруді көздеп отырған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар