Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстаудағы оқиға: Бектенов оқу-жаттығу тәртібі қалай өзгеретінін айтты

kz.kursiv.media

Маңғыстаудағы оқиға: Бектенов оқу-жаттығу тәртібі қалай өзгеретінін айтты

Оқу-жаттығу саласы стандартталады/ kursiv.media архиві

Қазақстанда әскери оқу-жаттығуларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары күшейтіледі. Қорғаныс министрлігінде жүргізілген кешенді тексеру барысында оқу-жаттығуларды бақылау, тәуекелдерді бағалау және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бағыттарында бірқатар кемшілік анықталған. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов құрылтай депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.

Үкімет басшысының жауабына сәйкес, қазіргі уақытта қарулы күштерде оқу-жаттығулар кезінде орналасқан жерді анықтау, әуеден бақылау және құлақтандыру технологиялары қолданылады.

Ал күштік құрылымдардың жекелеген бөлімшелерінде геолокацияны анықтайтын және әскери қызметшілердің физиологиялық жағдайын бақылайтын жеке құрылғылар бар.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар «Қазгидромет» РМК-мен өзара іс-қимыл орнатқан. Оның аясында ауа райының өзгерістері мен дауылды ескертулер туралы ақпарат тұрақты түрде ұсынылады.

Алайда Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғалар әскери оқу-жаттығуларды жоспарлау және өткізу кезінде жүйелі мәселелер бар екенін көрсеткен.

Бектеновтің айтуынша, тексеру барысында қауіпті факторларға жеткілікті назар аударылмағаны, қауіпсіздік талаптарының сақталуына тиісті бақылау болмағаны және оқу-жаттығулардың қауіпті кезеңдерін тоқтата тұру туралы шешімдер уақытылы қабылданбағаны анықталған.

Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасымен уәкілетті органдар әскери реформа жоспарының жобасын әзірлеген.

«Реформа әскери басқару жүйесін жетілдіруді, оның ішінде әскери қызметшілердің қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтай оқу-жаттығуларды жоспарлау мәселелерін стандарттауды көздейді», – делінген Олжас Бектеновтің жауабында.

Жаңа реформа әскери басқару жүйесін жетілдіруге және оқу-жаттығуларды қауіпсіз ұйымдастыру тәртібін біріздендіруге бағытталған.

Тағы да оқыңыз: 14 сарбаздың қазасы: Ерлан Қарин тергеуге қатысты ақпарат берді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар