Ташкентке турнирге барған қазақ балалары жаппай уланып қалды
Қарағандыдан Ташкентте өткен футбол турниріне барған бір топ бала уланып, ауруханаға түсті деп жазады Kursiv Media.
Өзбекстан астанасындағы Dostik Cup атты футбол турнирі 28 қазан – 2 қараша аралығында өткен. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 7-12 жас аралағындағы балалардан құралған командалар қатысады.Бірақ 31 қазанда қонақүйде таңғы ас ішкен бірнеше жас футболшы өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлер шақыртқан.
Кейінірек қарағандылық журналист Денис Денский жеке парақшасында ата-аналардың видеосын жариялады. Бейнежазбада аурухана төсегінде жатқан бірнеше баланы көруге болады. Ата-аналар қонақүй әкімшілігінен және ауруханадағы дәрігерлерден ресми ақпарат күтеді.
A post shared by Denis (@denski__rezerv)
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы турнир қатысушыларының ауруханаға түскенін ресми мәлімдеді. Бірақ нақты диагноз әлі хабарланған жоқ.
«Бұл турнирде Қарағанды облысының атынан үш жас санаты бойынша (2019, 2018 және 2014 жылы туған балалар) жекеменшік футбол мектептері мен клубтары – Jas Batir, Nomad Akademiya және Skauе қатысты. Командалардың турнирге бару шығындары жеке қаражат есебінен төленді. Қазір 16 бала, бір жаттықтырушы және 11 ата-ана ауруханаға жатқызылып, №5 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады басқарма өкілдері.
Ата-аналарға сілтеме жасаған тілші Денскийдің сөзінше, балаларға антибиотик салып бастаған. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Жол жүруге жарайтын балалар мен ата-аналарын Астанаға ұшақпен апару жоспарланған, ал өзгелері жағдайы жақсарғанша Өзбекстан ауруханасында қала береді.
Сыртқы істер министрлігі де Tengrinews басылымына футболшы балалардың жағдайын бақылауда ұстайтынын хабарлады.
«Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ташкентте өткен Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне қатысушылардың бірқатарының денсаулығы кенеттен нашарлағаны туралы хабардар. Медициналық көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтарының барлығы Өзбекстандағы мамандандырылған медициналық мекемелерге жатқызылды. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.Қазақстандық дипломаттар зардап шеккендердің туыстарымен және медициналық мекемелермен тұрақты байланыста. Бұл мәселе министрліктің бақылауында», – деп хабарлады ведомство.
Оқи отырыңыз:
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 01
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
2 қараша 2026