Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда экстремистік топ құрды деген күдікпен 10 адам ұсталды

kz.kursiv.media

Атырауда экстремистік топ құрды деген күдікпен 10 адам ұсталды

2026 жылғы 30 қазанда Атырау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен 10 адамды ұстады. Олар экстремистік топ құрды және оның қызметіне қатысты деген күдікке ілінді деп жазады Kursiv Mediа.

ҰҚК мәліметінше, күдіктілер терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген айыппен де тергеліп жатыр. Тергеу нұсқасы бойынша, топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгертуді көздеген.

Күдіктілердің үйлерін тінту кезінде атыс қаруы, есірткі, діни әдебиеттер мен түрлі заттай дәлелдемелер табылған.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге арналған үш жасырын оқу орталығының жұмысы тоқтатылды. ҰҚК мәліметінше, топтың кейбір мүшелері бұған дейін де террористік және басқа да қылмыстар үшін сотталған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге мәліметтері жарияланбайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар