Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ташкентте уланған балалардың жағдайы туралы не белгілі

kz.kursiv.media

Ташкентте уланған балалардың жағдайы туралы не белгілі

Қарағандыдан Өзбекстанда уланған қазақстандық балалардың 11-і ауруханада жатыр. Олардың жағдайын Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі жеке бақылауына алған. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жазды деп хабарлайды Kursiv Media.

» Облыстан барған топ құрамында 60 бала, 32 ата-ана және 4 жаттықтырушы болған. Қазір ауруханадағы 11 бала ем қабылдап жатыр. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі жағдайды жеке бақылауына алған. Балалар толық сауығып кеткенше Өзбекстанда болады», – деп жазды ол.

Балалардан бөлек тағы жеті ересек адам да Ташкент қаласындағы ауруханада жатыр. Ал өзге балалар ата-аналарымен бірге бүгін Қазақстанға қайтады.

Қазақстандағы Денсаулық сақтау министрлігі де жағдайды бақылауына алғанын мәлімдеді. Олардың дерегінше, қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін балалардың іші ауырып, қызуы көтеріле бастаған. Ата-аналар балалар жаппай уланды деп күдіктенеді. Бірақ әзірге зертханалық тексерулердің нәтижесі жарияланған жоқ.

Министрлік оқиға орнында Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі бар екенін, үнемі байланыста екенін де ескертті.

Оқыс оқиға болған жарыс – Dostik Cup атты футбол турнирі, ол Ташкентте 28 қазан – 2 қараша аралығында өткен. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 7-12 жас аралағындағы балалардан құралған командалар қатысады. Сыртқы істер министрлігі де футболшы балалардың жағдайын бақылауда ұстайтынын хабарлады.

Оқи отырыңыз:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар