Еуро, доллар, юань: шетел валюталарының бағамы он айда қалай өзгерді
Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге 2026 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында долларға ғана емес, негізгі шетел валюталарына қатысты да айтарлықтай нығайды. Ұлттық банк дерегіне сәйкес, жыл басынан бері бірқатар валюта бағамы төмендеген.
Қаңтарда 1 АҚШ долларының бағасы 507,64 теңгені құраса қазан айында бұл көрсеткіш 450,62 теңгеге дейін арзандады.
Еуро бағамы да 2026 жыл басынан бері біршама төмендеген. Қаңтар айында 595,43 теңгеге сатылған еуро бағамы қазан айында 505,14 теңгені құрады.
Ал Қытай юані қаңтар айында 72,83 теңгеге сатылған. Ал қазан айында ҚХР валютасының бағасы 67,38 теңгеге дейін төмендеді.
Ресей рублі де ұлттық валютаға қатысты әлсіреді. Қаңтарда бір рубль 6,50 теңге болса, қазан айында 5,42 теңгеге түсті.
Көрші қырғыздың сомы жыл басында 5,81 теңге болса, қазан айында 5,15 теңгені құрады.
Өзбек сумының бағамы да төмендеу динамикасын байқатқан. Қаңтар айында 100 өзбек сумы 4,21 теңге болса, қазан айында 3,79 теңгеге азайды.
Halyk Finance сарапшыларының болжамы бойынша, доллар 2026 жылдың соңына қарай 490 теңгеге, ал 2027 жылдың соңында 515 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қараша 2026