Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев «Qarmet» қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

kz.kursiv.media

Тоқаев «Qarmet» қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы «Qarmet» компаниясына барған жұмыс сапары барысында еліміздің өндірістік және индустриялық дамуына зор үлес қосқан кәсіпорын мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Жалпы 15 маман марапатқа ие болды: 2 адам «Құрмет» орденін, 6 адам III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін, ал 7 қызметкер «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

«Құрмет» орденімен:

III дәрежелі «Еңбек Даңқы»:

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

Салтанатты шарадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшыларымен еркін форматыда пікірлесті. Сондай-ақ, сапар аясында ол жаңа құю-илемдеу кешені құрылысының басталуына орай естелік тақтаға қол қойды.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауға жұмыс сапары барысында «Qarmet» акционерлік қоғамының ұжымымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар