Қарағанды облысының экономикасы тоғыз айда 2,9 пайызға өсті
Қарағанды өңірінде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер артты. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Kursiv Media.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасында 2,9 пайыздық өсім тіркелсе, өнеркәсіп өндірісі 4,9 пайызға ұлғайған. Ал жыл соңына дейін жалпы экономикалық өсім 4 пайызға жетеді деген болжам бар.
Өңірдегі ең жоғары қарқын машина жасау саласында байқалып, бұл бағыттағы өсім 26,2 пайызды құрады.Облыста жаңа өндіріс орындарын құруға, шикізатты терең қайта өңдеуге, минералды-шикізат базасын нығайтуға және инвесторларды тартуға ерекше басымдық берілуде.
2032 жылға дейін өңірде жалпы құны 7 триллион теңгені құрайтын 186 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл бастамалар аясында 36 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Экономикалық жетістіктермен қатар, агроөнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік саланы жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр:
Алдағы уақытта да өнеркәсіп әлеуетін кеңейту және инвестиция тартып, халықтың тұрмыс сапасын арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бермек.
Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауға жұмыс сапары барысында «Qarmet» акционерлік қоғамының ұжымымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізген еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қараша 2026