АҚШ-та бортында жолаушылары бар ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-тың оңтүстігіндегі Флорида штатында Learjet 60 жеке ұшағы Гринейкрс қаласындағы жылжымалы үйлер орналасқан елді мекенге құлады. Апат болған жерде өрт шығып, үйлердің үстін қою қара түтін басқан. Оқиға салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы New York Post басылымы хабарлады.
Ұшақ Техас штатының Остин қаласынан Багам аралдарына бағыт алған. АҚШ Федералдық авиация басқармасының мәліметінше, әуе кемесінің бортында тоғыз адам болған.
Құлау алдында ұшақ ағашқа соғылып, электр желілерін үзіп кеткен. Артынша тұрғын үйге соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде бір жылжымалы үй толығымен қираған.
BocaNewsNow басылымының жазуынша, ұшақ әуеде күрт оңға бұрылып, шамамен 2,4 мың метр биіктіктен жылдам төмендей бастаған.
Апаттың себептері әзірге белгісіз.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қараша 2026