Елде 500-ге жуық жаңа дәрі шығарылады
Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрілік препарат шығарады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды деп жазады Kursiv Media.
Ведомство мәліметінше, елде сегіз ірі инвестициялық жоба іске асырылады. Соның аясында 494 атаудағы дәрілік препарат өндіріліп, 1 200-ден астам жұмыс орны ашылады.
Аталған сегіз жобаға жалпы 391,3 млрд теңге инвестиция салынбақшы. Олар кезең-кезеңімен іске асырылады. 2027–2030 жылдары 300 атаудағы дәрілік зат, ал 2031–2034 жылдары тағы 194 препарат өндіру жоспарланып отыр.
«Өз фармацевтикалық өндірісімізді дамыту – ең алдымен, елдің дәрілік қауіпсіздігі мәселесі. Қазақстан қажетті препараттар өндірісін жүйелі түрде кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуы маңызды», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Былтыр елдегі дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 37%-ға артып, 191 млрд теңгеге жетті. Ал биыл сегіз айда 157,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30%-ға жоғары. Соңғы екі жылда салаға тартылған инвестиция көлемі 3,3 есе, ал экспорт көлемі 1,9 есе өсті.
Министрлік дерегінше, қазір сатылып жатқан дәрілердің әр 100 қаптамасының 42-сі Қазақстанда өндіріледі. Ал мемлекетке дәрі сатып алатын Бірыңғай дистрибьютор алатын дәрілердің 79%-ы отандық өнім.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қараша 2026