Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Air Astana ішкі рейстерге тіркеуді Алматы әуежайының Т-1 терминалына қайтарады

kz.kursiv.media

Air Astana ішкі рейстерге тіркеуді Алматы әуежайының Т-1 терминалына қайтарады

2026 жылғы 6 қарашадан бастап Алматыдан ұшатын Air Astana әуе компаниясының ішкі рейстеріне жолаушыларды тіркеу қайтадан Т-1 терминалында жүргізіледі. Ал халықаралық рейстерге тіркеу бұрынғыдай Т-2 терминалында қалады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Air Astana әуе компаниясы Алматы әуежайындағы ішкі рейстерге тіркеуді жаңартылған Т-1 терминалына көшіреді. Бұл өзгеріс 6 қараша күні сағат 04:00-ден бастап күшіне енеді.

Әуе компаниясының жерүсті қызметіне жауапты вице-президенті Александр Небоганың айтуынша, терминал толық жаңартылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалған.

Алматы әуежайындағы жөндеу жұмыстары кезінде Т-1 терминалының тіркеу орындары жаңартылды. Сонымен қатар жолаушылардың уақытын үнемдеу үшін бес автоматты тексеру пункті орнатылған.

Ұшу залындағы орындықтар саны көбейіп, ақпараттық таблолар жаңартылды. Жолаушыларға бағыт-бағдар беретін бірнеше тілдегі навигация жүйесі де іске қосылды. Бұдан бөлек, балалар ойын алаңдары мен багаж беру аймағы жаңартылған.

Осылайша, 6 қарашадан бастап ішкі рейстерге тіркелетін жолаушылар Т-1 терминалына, ал халықаралық рейстермен ұшатындар Т-2 терминалына баруы керек.

Air Astana жолаушыларға әуежайға ертерек келуге кеңес береді. Бұл тіркеуден өтіп, ұшуға қажетті рәсімдерді асықпай аяқтауға мүмкіндік береді.

Жақында Air Astana әуе компаниясы жолаушыларға ұшу кезінде спутниктік интернет ұсынатын жаңа қызметті іске қосты. Жоба кезең-кезеңімен енгізіліп, алдағы уақытта әуе компаниясының өзге ұшақтарына да орнатылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар