Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2027 жылдың соңына дейін елде уран қоры құрылмақ

kz.kursiv.media

2027 жылдың соңына дейін елде уран қоры құрылмақ

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін отандық АЭС-тер үшін уран мемлекеттік қорын қалыптастырады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media..

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС-ке қажетті уранның 100 жылға жететін қорын құруды тапсырған болатын.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес кемінде 150 мың тонна уран жинау жоспарланып отыр.

Жобаланған жүйе ядролық отынмен қамтамасыз ету толық тізбегін камтиды. Атап айтқанда жер қойнауындағы уран қорын сақтаудан бастап, табиғи уран қорын жаса және дайын ядролық отын резервін құруды көздейді.

Сонымен қатар 2027 жылы Алматы облысында орналасатын екінші АЭС — «Мойынқұм» станциясының құрылысын жеделдету үшін үкіметаралық келісімге қол қою жоспарланған.

Саланы дамытудағы негізгі міндеттердің бірі ретінде екі АЭС үшін де қажетті инженерлік желілерді тарту жұмыстары белгіленді.

Ал Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті ресейлік «Росатом» компаниясы салады, Балқаш көлінің жағасында бой көтеретін бұл станцияның құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар