Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зайсан мен Қатон-Қарағай әуежайлары 2027 жылдың мамырында ашылады

kz.kursiv.media

Зайсан мен Қатон-Қарағай әуежайлары 2027 жылдың мамырында ашылады

Зайсан мен Қатон-Қарағай аудандарында жаңа әуежайлар 2027 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.

Оның айтуынша, жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп отыр.

Жоспарға сәйкес, 2027 жылдың мамыр айында Зайсан, Қатон-Қарағай және Маңғыстау облысындағы Кендірлі елді мекенінде жаңа әуежайларды пайдалануға беру көзделген.

Сонымен қатар 2027 жылдың маусым айында ірі халықаралық компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастау жоспарланып отыр.

«2027 жылдың соңына дейін «Бақты – Аягөз» теміржол желісін пайдалануға беру көзделген. Бұдан бөлек, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту жұмыстары жалғасады», – деді Жұманғарин.

Аталған жобалар Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, елді Еуразиядағы маңызды транзиттік хабқа айналдыруға бағытталған.

Тағы да оқыңыз: Астанада екінші әуежай құрылысы 2027 жылы басталады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар