Бейрезиденттердің Ұлттық банк ноталарын сатып алуына шектеу қойылуы мүмкін
Бейрезиденттер Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары саудасына қатыса алмауы мүмкін. Ұлттық банкі ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті қаулы жобасы қазіргі уақытта қоғамдық талқылға ұсынылған.
Реттеуші әзірлеген құжат Ұлттық банк ноталарымен операциялар жүргізу тәртібін жетілдіруге бағытталған. Жоба аясында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарына қолжетімділікті шектеу көзделген.
Реттеуші өзгерістерді ноталардың ақша-кредит саясатының құралы ретіндегі функционалдық мақсатын ескере отырып енгізбек.
Ұлттық банктің бағалауынша, нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе басқа да жағымсыз салдары жоқ.
Ұлттық банктің ноталары бастапқы агенттер [банктер, БЖЗҚ, «Қазпошта»] арқылы орналастырылғаннан кейін қайталама нарықта еркін айналымға түседі және кез келген инвестор салып ала алады.
Қазіргі уақытта банктер қаражатының 30%-ын өтімділігі жоғары активтерде сақтауға міндетті. Бұл активтерге мемлекеттік бағалы қағаздар мен Ұлттық банктің ноталары жатады. Болмаса қаражат Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттарда орналастырылуы тиіс. Мұндай операцияларға салық салынбайды.
Биыл Қазақстан мемлекеттік бағалы қағаздарына (МБҚ) бейрезиденттердің сұранысы 2 есе артқан.
МБҚ-ны Қазақстан ҚР Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдар шығарады. Қазақстан мембағалы қағаздарының 80%-ы Қаржы министрлігі мен әкімдіктерге тиесілі болса, 20%-ы – Ұлттық банк ноталары.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
3 қараша 2026