Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Польша Ресеймен шекарадағы аймақта арнайы операция бастады

kz.kursiv.media

Польша Ресеймен шекарадағы аймақта арнайы операция бастады

Польша Ресеймен шекарадағы аймақтағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, арнайы операция бастап жатыр. Оған полиция қызметкерлері, әскерилер, шекарашылар мен поляк арнайы қызметі де тартылған деп жазады Kursiv Media DW-ге сілтемемен.

Польша полициясыеың бас коменданты Марек Бороньның сөзінше, әскери барлау қызметінен елге қарсы диверсия жасалуы мүмкін деген ескерту түскен. Нақты айтқанда әскери топтар шекараға заңсыз кіруі мүмкін деген қауіп бар.

«Шекараға бірнеше воеводстводан полицияның қосымша күштері жіберілді. Біз сол аумақта тұратын азаматтардың қауіпсіздігін, инфрақұрылымның қорғалуын және қоғамға қауіп төндіруі мүмкін кез келген жағдайдың алдын алуды қамтамасыз етуге жауаптымыз», – деді Бронь.

Операция елдің солтүстік-шығысындағы Варминско-Мазурс және Подляск воеводстволарында жүргізіледі. Әскерилер, шекара қызметі, полиция мен антитеррористік бөлімшелердің әрекетін үйлестіру үшін арнайы штаб құрылған.

Марек Бороньның сөзінше, бұл шаралар тек сақтандыру сипатында өтеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар