Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде неке сарайындағы адам өлімінен кейін күдікті ұсталды

kz.kursiv.media

Ақтөбеде неке сарайындағы адам өлімінен кейін күдікті ұсталды

Ақтөбедегі Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Адам өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға алдында марқұм мен оның бұрынғы азаматтық күйеуі арасында жанжал шыққан. Бірнеше баланың анасы Неке сарайына қазіргі сүйіктісімен бірге келген. Жаңа қарым-қатынас арадағы керіске себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Қалиев кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Дереу тұрде күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын, сондай-ақ, жасалған қылмыстың себептері мен сарындарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Әсет Қалиев.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің өлімінен кейін төрт полиция қызметкері ұсталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар