Бюджет тапшылығы қарыз есебінен жабылады: борышты өтеуге 11 трлн теңге жұмсалмақ
Қазақстан үкіметі алдағы үш жылда ел бюджетінен үкіметттік борышты қайтару үшін 11 трлн теңгеге жуық қаржы жұмсамақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары- Ұлтты экономика министрі Серік Жұманғариннің депутаттық сауалға берген жауабында жазылған.
«2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасышеңберінде үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге республикалық бюджеттіңшығыстары:2027 жылға – 3 560,7 млрд теңге;2028 жылға – 3 675,8 млрд теңге;2029 жылға – 3 650 млрд теңге мөлшерінде көзделген», – делінген жауапта.
Бұл ретте Жұманғарин Үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың өсуі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға алынатын борыштың жыл сайын артуы, әлемдегі геосаясат аясында ішкі және сыртқы капитал нарығындағы жағдайдың өзгеруімен байланыстырады.
«Республикалық бюджет тапшылығының көлемі абсолюттік мәнде жыл сайын ұлғайып отырғанын ескерсек, үкіметтік борыштың және оған қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың өсуі заңды құбылыс», – деді ол.
Республикалық бюджетке қажет қарыз ішкә нарыққа мемлекеттік бағалы қағаз шығару арқылы тартылады.
Қазақстанның мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген жалпы борышы 2025 жылдың 1 қазанмен салыстырғанда 3,3 трлн теңгеге артып, 41,3 трлн теңгеге жетті.
Жалпы міндеттемелердің басым бөлігін тікелей мемлекеттік борыш құрайды. Ол 2025 жылғы 35,5 трлн теңгеден 2026 жылы 38,8 трлн теңгеге көбейген. Мемлекеттік борыштың ішіндегі Үкімет борышы 2025 жылғы 34 трлн теңгеден 2026 жылы 36,9 трлн теңгеге жетті.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
3 қараша 2026