Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құқықтық сананы арттыру бағытында ауқымды шаралар жалғасуда

kz.otyrar.kz

Құқықтық сананы арттыру бағытында ауқымды шаралар жалғасуда

Бүгінде Шымкент қаласында «Құқықтық сананың деңгейін арттыру» бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде қоғамды кез-келген заң және тәртіп бұзушылыққа қарсы қалыптастыру мақсатында мектептерде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Балаларды жастайынан қылмыстан аулақ болуды, заңға қарсы іс-әрекет жасамауды бала жастан құлағына құйса әрине ол мұндай қоғамға қауіпті әдеттерден аулақ болары сөзсіз. Осыған орай күні кеше Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Абдіраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектепте 11Б-сынып оқушыларымен «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында тәрбие сағаты және «Қылмыстық әрекетке тартудан сақтау» қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Бұл бастаманың мақсаты – қоғамдағы заң бұзушылықтармен күресу және жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Осы бағытта Абдіраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы іс-шаралар атқаруда.

Аталмыш мектепте 11Б-сынып оқушыларымен «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Аталған іс-шарада оқушыларға адалдықтың, еңбекқорлықтың және табыстың маңызы туралы айтылып, қоғамдағы жауапкершілікті сезіну қажеттілігі нақтыланды. Тәрбие сағатында оқушылар өз ойларын ортаға салып, адал өмір сүрудің жолдары мен қадамдарын талқылады.

Сонымен қатар, мектепте «Қылмыстық әрекетке тартудан сақтау» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды қылмыстық әрекеттерден қорғау, олардың құқықтарын түсіндіру және заң бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Мұндай шаралар балаларды жастайынан құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеп қана қоймай, оларды теріс әсерлерден қорғауға мүмкіндік береді.

Мектеп ұжымы қоғамның дамуы мен қылмыстың алдын алуға атсалысуда. Тәрбие шаралары халық арасында құқықтық сананы көтеру мен жастардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда аталған бағыттың маңыздылығын аңғартады. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, оларды елін, жерін сүйетін, адал, жауапкершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі.

Шымкент қаласындағы құқықтық сананы арттыру бағытында ұйымдастырылып жатқан шаралар, балалардың заңға деген құрметін арттырып, қоғамдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы болып табылады. Адал ұрпақ тәрбиелеу – тек білім ошақтарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңға құрмет құндылықтарының маңызын түсіндіру, адал еңбек арқылы табысқа жетудің мәнін ұғындыру, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды түрлі заңсыз әрекеттерге тартылудан сақтандыру және қауіпсіз шешім қабылдауға үйрету расында бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Тәрбие сағаты барысында оқушылар ойларында жүрген сауалдарын жолдап, тұжымды жауап алды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Айым Дәулет

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар