Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкент қаласы Полиция департаментінде саптық таралым өтті

kz.otyrar.kz

Шымкент қаласы Полиция департаментінде саптық таралым өтті

Шымкент қаласында «Құқықтық сананың деңгейін арттыру» бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде Заңның үстемдігі мен әділеттілікті, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясатын, «Заң және тәртіп» топтастырылған нарративті, «Қауіпсіз қоғам» жобасын, құқық қорғау және арнайы органдарға деген сенімді арттыру бағытында да үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Соның айқын дәлелі ретінде бүгінде қалада қылмыс саны артып келеді. Ұсақ құқық бұзушылық, ұрлық, тұрмыстық зорлық зомбылық қылмыстары күннен күнге азайып келеді. Тәртіп сақшылары қоғамда қылмыстың алдын алуда үздіксіз жұмыс атқаруда. Нәтижелі жұмыс үшін құқық қорғаушылардың атқарып жатқан жұмыстары ерен.

Саптық таралым іс — шарасы барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, қызметтік тәртібі мен белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріліп, қысқы маусымдық киім үлгісіне көшу мәселесіне назар аударылды. Бұл іс-шара полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығы, тәртібі мен белгіленген стандарттарға сәйкестігі мұқият тексерілді. Кәсіби дайындықты арттыру мақсатында, барлық қызметкерлердің жауапкершілігі мен ұйымшылдығына ерекше көңіл бөлінді. Қылмыспен күрес жолында аянбай тер төгіп жүрген қызметкерлер кәсіби даярлық жағынан әрдайым қамшы салдырмайды. Сондай-ақ, білім, біліктілігін арттыру жағынан да жоғары дәрежеде. Одан бөлек, ұдайы спорттық бабында жүретін тәртіп сақшылары спорттық жарыстарда да жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді.

Сонымен қатар, спорттық жарыстарда биік белестерді бағындырып, жүлделі орындарға ие болған полиция қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда, Әбдібай Айдын, Тоқтас Махаббат, полиция капитаны Жетібаев Бауыржан және Бектаев Жомарт спорттық жетістіктері үшін марапатталды. Сондай-ақ, Департаменттің құрама командасы волейбол турнирінде көрсеткен нәтижесі үшін құрметке ие болды. Саптық таралым соңында жеке құрамға қызметтік тәртіпті сақтау және жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Марапатқа ие болғандар спорттық жетістіктерімен Департаменттің абыройын асқақтатты. Команда мүшелері өздерінің спорттағы шеберліктерімен және ынтымақтастығымен көзге түсіп, бірліктің символына айналды.

Саптық таралым соңында жеке құрамға қызметтік тәртіпті сақтау, жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби міндеттеріне адал болып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күш салып, қызмет көрсетуге дайын екендіктерін көрсетті.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің өткізіп отырған ауқымды шаралары мен марапаттары құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға және қызметкерлердің моральдық рухын көтеруге ықпал ететіні сөзсіз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар