Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Болгарияның алғашқы әйел президентін құттықтады

kz.kursiv.media

Тоқаев Болгарияның алғашқы әйел президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария республикасының президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп жазады Kursiv.Media.

Президент құттықтау жеделхатында сайлаудағы жеңіс Илияна Йотоваға халықтың жоғары сенім білдіргенін көрсететінін атап өтті.

«Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотоваға жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Еске салсақ, 1 қарашада Болгарияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша елдің уақытша президенті Илияна Йотова жеңіске жетті. Ол Болгария тарихында президент болып сайланған алғашқы әйел.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар