Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада өткен әлем чемпионатында қазақстандық әскери балуандар үш медаль жеңіп алды

kz.kursiv.media

Астанада өткен әлем чемпионатында қазақстандық әскери балуандар үш медаль жеңіп алды

Армия балуандары күрестен Астанада өткен әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, дүбірлі додада Қорғаныс министрлігінің өкілдері – ефрейтор Нұрқожа Қайпанов (74 келі) еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, сержант Айдос Сұлтанғали (60 келі) мен ефрейтор Бағдат Сабаз (67 келі) грек-рим күресінен қола медаль иеленді.

«74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрқожа Қайпанов алғашқы белдесуінде косоволық Эгзон Хониді 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңген болатын. Әзербайжандық Тұран Байрамовпен өткен келесі кездесуінде де 4:0 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда тәжікстандық Виктор Рассадинді 11:0 есебімен ойсырата ұтты», – делінген ақпаратта.

Жартылай финалда жапониялық балуан Йошиносукэ Аоягимен белдескен Орталық спорт клубының спортшысы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Алайда шешуші финалдық белдесуде ресейлік Иналбек Шериевке 4:10 есебімен есе жіберді.

Осылайша, әлем чемпионатында бір күміс және екі қола медаль жеңіп алған армия балуандары Қазақстанның халықаралық спорттағы беделін арттыруға айтарлықтай үлес қосты.

Астанада өткен күрестен әлем чемпионатына 135 елден 900-ге жуық спортшы қатысты.

Айта кететін жайт, 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы әлемдік додада 30 салмақ дәрежесінің барлығында өнер көрсетті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар