Флоридадағы ұшақ апатынан мультимиллионер отбасымен қайтыс болды
Флорида штатында Learjet 60 бизнес-ұшағы апатынан 44 жастағы миллионер, технологиялық компанияның негізін қалаушы Адам Робинсон мен оның отбасы қайтыс болған. Бұл туралы New York Post басылымы хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Робинсонның жанында әйелі Хелен Шарп, төрт және екі жастағы балалары болған. Бортта отбасының екі құрбысы мен бала күтушісі де отырған. Жолаушылардың барлығы қайтыс болды. Әуе кемесін 55 жастағы Джефф Грегори және 21 жастағы ұшқыш-нұсқаушы Эмили Шелтон басқарған.
Оқиға 1 қараша күні түстен кейін Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласының маңында болды. АҚШ Федералдық авиация басқармасының мәліметінше, ұшақ Техас штатындағы Остин қаласынан Багам аралдарына ұшып бара жатып, тұрғын үйлер орналасқан аумаққа құлаған.
Ұшқыштың бірі диспетчерлерге ұшаққа мұз қатып, орташа деңгейдегі турбуленттілік аймағына тап болғанын хабарлайды. Олардың дауысы радиобайланыс жазбаларына жазылды. Пилоттар әуе көлігін биіктікке көтеруге тырысады, бірақ ол әрекеті сәтсіз болып, ұшақ күрт төменге құлдилап, жерге соғылады.
Апат алдында әуе диспетчерлерімен радиобайланыс кезінде пилот Джефф Грегоридің «Біздің Әкеміз» дұғасын оқығаны естілген.
Марқұм Адам Робинсон Retention.com және RB2B технологиялық компанияларын құрған. Бұл компаниялар маркетинг саласына арналған шешімдер әзірлеп, сайтқа кірген пайдаланушыларды анықтау технологияларымен айналысады. Оның жеке дәулеті 6 млн доллар деп бағаланған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
3 қараша 2026