«7-20-25» бағдарламасына 2027 жылы 100 млрд теңге бөлінеді
2027 жылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру лимиті 100 млрд теңге болып белгіленді. Қаражат тоқсан сайын 25 млрд теңгеден бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес, келесі жылы «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру көлемі 100 млрд теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы Қазақстанның орнықтылық қоры хабарлады, деп жазады Kursiv.Media..
Бағдарлама аясында банктер ипотекалық несиені өз қаражаты есебінен береді. Кейін Қазақстанның орнықтылық қоры осы несиелер бойынша талап ету құқықтарын сатып алады. Яғни банктерге алдын ала қаржы берілмейді.
Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы арқылы пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйді сатып алуға болады. Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі – 7%, бастапқы жарна – кемінде 20%, ал несие мерзімі 25 жылға дейін.
Бағдарламаға бір адам тек бір рет қатыса алады. Қазіргі уақытта оның серіктестері қатарында жеті банк бар: Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Freedom Bank, Bank RBK, Altyn Bank, Еуразиялық банк және ForteBank.
Бағдарлама іске қосылғаннан бері жалпы сомасы 1,26 трлн теңгеден асатын 87 мыңнан астам ипотекалық несие берілген.
Айта кетейік, «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау екінші кезеңінің басталуы 3 қарашаға жоспарланған. Отбасы банкінің мәліметінше, бұл кезеңде бағдарламаға қатысушыларға несие беру үшін 20 млрд теңге қарастырылған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
3 қараша 2026