Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Интернеттегі қауіпсіздік» — басты назарда

kz.otyrar.kz

«Интернеттегі қауіпсіздік» — басты назарда

Бүгінде «Қауіпсіз қоғам» жобасын қолдау мақсатында елімізде түрлі ұйымдар арасында арнайы іс – шаралар ұйымдастырылуда. Оның барысында құқық қорғау және арнайы органдарға деген сенімді арттыру, қоғамды кез — келген заң және тәртіп бұзушылыққа қарсы қалыптастыру мақсатында білім ошақтарында оқушыларға осы қағидаттарды түсіндіру мақсатында тәрбие сағаттарты өткізілуде.

Жуырда Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Абдіраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде 2026-2027 оқу жылы қазан айының 28 күні күзгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жұмыс жоспары аясында маңызды кездесу өтті.

Білім бесігінің 5-сынып оқушылары арасында «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызу пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың сандық сауаттылығын арттыру, виртуалды әлемдегі жасырын қауіптердің (кибербуллинг, күмәнді сілтемелер, интернет-алаяқтық) алдын алу және желідегі қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру болып табылады. Іс-шараны информатика пәнінің мұғалімі – Ф. Оңғар ұйымдастырды.

Іс-шара барысында оқушылар интернеттегі қауіпсіздік мәселелері төңірегінде түсіндіру жұмыстарымен танысып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік алды. Оқыту процесі заманауи, интерактивті әдістермен жүргізілді. Оқушылар кибербуллинг, күмәнді сілтемелер мен интернет-алаяқтық сияқты ықтимал қауіптер туралы ақпарат алды. Қылмыстың алдын алу мақсатында бүгінде цифрлық сауаттылықты арттыру күн тәртібінде тұр. Бұдан бөлек, оқушылар арасында кибербуллингке ұшырайтындар да жоқ емес. Осы сынды олқылықтардың алдын алуда мұндай іс шараларды жиі өткізудің мәні зор, әрине.

Сабақтың негізгі мақсаты – балалардың сандық сауаттылығын арттыру, интернетте қауіпсіздік ережелерін меңгерту, сонымен қатар, ата-аналармен және ұстаздармен бірлесе отыра, жасөспірімдердің виртуалды әлемдегі қауіп-қатерлерге қарсы тұру дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, оқушылардан алынған пікірлер мен ұсыныстар кездесу барысында атмосфераны жандандырып, қарым-қатынастың тиімділігін арттыруға зор ықпал етті.

Оқушылардың қызығушылығын оятып, пікірталас арқылы өз ойларын білдіруге жағдай жасаған іс-шара, жастардың интернет ресурстарын сауатты пайдалануына зор ықпал етті. Білім басқармасының өкілдері, мұғалімдер және ата-аналар, балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне қатысты білімінің жақсаруы, олардың кез келген виртуалды қылмыстардан қорғайтынына сенім білдірді. Іс шара барысында оқушылар жеке мәліметтерді құпия ұстаудың маңызын, бейтаныс пайдаланушылармен байланысқа түспеу ережелерін, интернетті тек білім мен даму үшін тиімді пайдалану жолдарын талқылады.

Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, цифрлық әлемде мәдениетті әрі қауіпсіз болуға уағдаласты. Балалардың бос уақытын тиімді әрі танымды өткізу –басты міндет болып табылады.

Осы іс-шараның нәтижесінде оқушылар интернеттегі қауіпсіздік принциптерімен танысып, өздерін цифрлық әлемде сенімді әрі қауіпсіз сезінуге мүмкіндік алды. Білім беру мекемесінің осы бағыттағы жұмыстары жалғасын табары сөзсіз, себебі қазіргі заманғы технологиялармен жұмыс істей білу – заман талабы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар