Атырау-Cамара құбыры арқылы мұнай жөнелту тоқтатылды
Ресейдегі мұнай инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылынан кейін Қазақстаннан мұнай тасымалдайтын Атырау – Самара магистральдық құбырының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады деп жазады Kursiv Media.
Министрлік мәліметінше, 2026 жылғы 2 қарашаға қараған түні Ресейдегі Самара өндірістік-диспетчерлік торабының нысандарына дрондар шабуыл жасаған.
«Осыған байланысты 2 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 06:09-да Атырау – Самара магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау уақытша тоқтатылды», – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Қазір мамандар мұнай құбыры инфрақұрылымының техникалық жағдайын тексеріп жатыр. Ведомство мұнай қабылдау жақын уақытта қайта басталады деп уәде береді.
Айта кетейік, Атырау – Самара құбыры Қазақстандағы мұнай кен орындарын Ресейдің мұнай тасымалдау жүйесімен байланыстырады. Бұл бағыт арқылы қазақстандық мұнай одан әрі экспортталады. Құбырдың жалпы ұзындығы шамамен 1 380 шақырымды құрайды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
3 қараша 2026