Шымкенттегі «Жас сақшы» сыныбының танымдық саяхаты: Жедел басқару орталығына экскурсия
Бүгінгі жас ертеңгі қауіпсіз қоғамның мүшесі. Сондықтан да оларға жастайынан құқықбұзушылықтың салдары туралы бойына сіңіру бүгінгі күннің талабы. Бүгінде Шымкент қаласындағы білім бесіктерінде «Жас сақшы» сыныптары ұйымдастырылуда. Бұл өз кезегінде құқық қорғау және арнайы органдарға деген сенімді арттыру, қоғамды кез — келген заң және тәртіп бұзушылыққа қарсы тұруды қалыптастыратыны анық. Сондықтан да жастайынан заңды құрметтеп, қылмысқа бармауды әдетке айналдырған оқушылар қоғамның толыққанды азаматы болып қалыптасары сөзсіз.
Жуырда Шымкент қаласы №25 мектептің «Жас сақшы» сыныбының оқушылары Жедел басқару орталығына танымдық саяхат жасады. Оқушылар орталықтың жұмысымен танысып, бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат алды. Бұл іс-шара балалардың құқық қорғау органдарының жұмысымен танысып, қауіпсіздік саласындағы білімдерін арттыруға бағытталған.
Экскурсия барысында оқушылар орталықтың қызметкерлерімен кездесті. Олар бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы баяндамалар тыңдап, қызықты мәліметтермен танысты. Орталық қызметкерлері оқушыларға заманауи технологиялардың қоғамдық тәртіпті сақтаудағы рөлі, қылмыстарды анықтау және жедел жәрдем көрсету барысында туындайтын жағдайлар туралы айтып берді.
Оқушылардың Жедел басқару орталығына келген көшпелі сабақтары оларға болашақта құқық қорғау саласындағы мамандықтарға деген қызығушылығын оятары сөзсіз. Экскурсия барысында балалар өздерінің пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, алған білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Олар бейнебақылау камералары мен дабыл жүйелерінің қауіпсіздік саласындағы маңыздылығын түсінді.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқық қорғау органдарына деген қызығушылығын арттырып, қоғамдық қауіпсіздік үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Оқушылар үшін бұл тәжірибе ересек өмірде құқық бұзушылықтарды алдын алуда, өздерін және басқаларға қауіпсіздік қалыптастыруда маңызды дағдыларды үйренуге ықпал етеді.
Шымкент қаласындағы «Жас сақшы» сыныбының ұйымдастырушылары мен мектеп әкімшілігі Полиция департаментіне мұндай танымдық экскурсияларды ұйымдастырғандары үшін алғыс білдірді. Болашақта жастардың құқық қорғау органдарына деген қызығушылығы артып, елімізде қауіпсіздік сақтау жұмыстарының тиімділігі артады деген үміт мол.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметін қалыптастыруға және полиция қызметіне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
3 қараша 2026