Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте 22 жастағы жігіт биіктен құлап қайтыс болды

kz.kursiv.media

Шымкентте 22 жастағы жігіт биіктен құлап қайтыс болды

Шымкентте көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласынан 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Полиция қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KursivMedia.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Хабарламада трагедияның Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында болғаны айтылған. Кадрлардан полиция қызметкерлерінің келгенін көруге болады.

Қалалық полиция департаменті 1 қарашада «Биік» тұрғын үй кешенінде 22 жастағы азаматтың биіктен құлап, қаза тапқанын растады.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, осыған дейін Қостанай облысының Рудный қаласында әйел бесінші қабаттағы терезеден құлап, үйге жапсарлас орналасқан дәмхананың шатырына түскен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар