Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда пәтеріне пікір жазған отбасын қорқытқан ер адам 10 тәулікке қамалды

kz.kursiv.media

Алматыда пәтеріне пікір жазған отбасын қорқытқан ер адам 10 тәулікке қамалды

Алматыда 31 жастағы азамат Павлодардан келген отбасыға тіл тигізіп, қорқытқаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Келіспеушілік жалға алынған пәтерге қатысты жазылған жағымсыз пікірден кейін туындаған, деп хабарлайды KursivMedia.

Полиция мәліметінше, бұл отбасы баласын медициналық тексеруден өткізу үшін Алматыға келіп, уақытша баспана жалдаған. Алайда пәтердің жағдайы хабарландыруда көрсетілген талаптарға сай болмай шыққан соң, тұрғындар теріс пікір қалдырған.

Осыдан кейін оларға хабарласқан белгісіз адам пікірді өшіруді талап етіп, арты балағаттау мен доңайбат көрсетуге ұласқан.

Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаға қатысы бар 31 жастағы азаматты анықтап, жиналған материалдарды сотқа жолдады.

«Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары тұрмыстық келіспеушіліктерді тек заң аясында шешу қажеттігін, ал қорқыту, тіл тигізу және сес көрсету сияқты әрекеттерге қатаң құқықтық баға берілетінін ескертеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар