Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қатарластары ұрып-соққан жамбылдық жасөспірім комада жатыр

kz.kursiv.media

Қатарластары ұрып-соққан жамбылдық жасөспірім комада жатыр

Жамбыл облысында қатарластары ұрып-соққан 14 жастағы жасөспірімнің жағдайы ауыр, қазір комада жатыр. Бұл туралы үкімет отырысынан кейін өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты деп жазады Kursiv Media.

«Баланың жағдайы шынымен ауыр. Ол 14-те, қазір медикаментозды комада жатыр. Жағдайы ауыр, Астанаға апаратындай жолға жарамайды», – деді ол.

Әлназарованың сөзінше, қазір оқушының жағдайын республикалық деңгейдегі білікті мамандар бақылап отыр. Олар емге қашықтан қосылып, телемедицина арқылы консультация жүргізген.

Министр жасөспірімнің жағдайы жақсарғаннан кейін бірден санитарлық авиациямен Астанаға жеткізуге уәде берді.

2 қарашада Жамбыл облысында тоғызыншы сынып оқушысы құрдасымен керісіп қалғаннан кейін жансақтау бөліміне түскенін жазған едік. Оқиға Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек ауылында болған. Туыстарының айтуынша, жасөспірім кездесуге кешіккені үшін оны соққыға жыққан көрінеді. Жамбыл облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар