Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда жекеменшік үйден қарасора бақшасы табылды

kz.kursiv.media

Алматыда жекеменшік үйден қарасора бақшасы табылды

Алматы полициясы жекеменшік үйлердің бірінен 13 түп қарасора бұтасы мен кептірілген өсімдік затын тапты, деп хабарлайды KursivMedia.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Наурызбай ауданында 43 жастағы ер адамды ұстады.

«Үйді тінту кезінде 13 түп қарасора бұтасы мен кептірілген өсімдік заты бар қорап табылды. Сараптама тәркіленген есірткі құралының жалпы салмағы 10 килограмды құрағанын растады. Бұдан бөлек, ақшалай қаражат тәркіленді», – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің барлық мән-жайлары анықталуда.

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысы Меркі ауданында «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 580 гектар қарасора жойылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар