Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бюджеттен 27 млрд теңге бөлінеді: елдегі ветеринарлардың жалақысы артуы мүмкін

kz.kursiv.media

Бюджеттен 27 млрд теңге бөлінеді: елдегі ветеринарлардың жалақысы артуы мүмкін

Құрылтай бірінші оқылымда ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылап жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Құрылтай депутаты Серік Егізбаев ветеринария саласындағы заң жобасын таныстырды.

Құжат ветеринар дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуды, ветеринариялық қызметті цифрландыруды және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін күшейтуді көздейді.

«Заң жобасы бес негізгі бағытты қамтиды. Біріншісі – мемлекеттік органдар мен ветеринариялық ұйымдардың өкілеттіктерін нақтылау. Екіншісі – ветеринар мамандардың мәртебесін көтеру. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кезінде кемінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеу, ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы беру және арнайы киіммен қамтамасыз ету ұсынылады. Сондай-ақ ветеринариялық палата құру көзделген»,- деді депутат.

Оның айтуынша, заң жобасы ветеринарлардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да бағытталған.

«Оларға кемінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу кепілдіктері енгізілмек. Ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақылар: ғылым кандидатына айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторына негізгі жұмыс орны бойынша айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы төлеу. Арнайы киіммен қамтамасыз ету көзделеді»,- деді депутат.

Заң жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен жыл сайын шамамен 27 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар