Болгарияда алғаш рет ел президенті әйел адам болады
1 қарашада Болгарияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша елдің уақытша президенті Илияна Йотова жеңіске жетті. Ол Болгария тарихында президент болып сайланған алғашқы әйел атанды деп жазады Kursiv Media.
Болгарияның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бюллетеньдердің 100%-ы саналғаннан кейін Йотова 57,6% дауыс жинаған. Ал оның қарсыласы, бұрынғы уақытша премьер-министр Андрей Гюровқа сайлаушылардың 39,5%-ы дауыс берген. Гюров жеңілгенін мойындады.
62 жастағы Йотованы премьер-министр Румен Радев бастаған «Прогрессивті Болгария» партиясы қолдаған. Саяси сарапшылардың пікірінше, оның жеңісі қазіргі билік басындағы саяси күштердің ықпалын нығайта түседі.
Йотова Ресеймен келіссөз жүргізуді және Украинадағы соғысты дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды. Ол Киевке әскери көмек беруге қарсы және Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауды жақтайды.
Сонымен бірге Йотова Болгарияның Еуропалық одақ пен НАТО құрамындағы мүшелігін сақтауды қолдайды. Оның жеңісінен кейін елдің Еуропамен байланысын жалғастырып, Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға ұмтылатыны болжанып отыр.
- Соңғы
- Қараша, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қараша 2026