Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана-Петропавл тас жолындағы жол апатында полицей зардап шекті

kz.kursiv.media

Астана-Петропавл тас жолындағы жол апатында полицей зардап шекті

3 қарашада Астана-Петропавл тас жолында «JAC T9» пикапы патрульдік көлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан полиция қызметкері дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оқиға Шортанды кентінің маңында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «JAC T9» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтамай, арнайы жол техникасын сүйемелдеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған полицияның қызметтік көлігіне соғылған», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта тергеушілер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып қаза тапқанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар