Ozon-ның тағы бір қоймасына шабуыл жасалды
Ресейдің Адыгейск қаласында Ozon маркетплейсінің логистикалық орталығына дрондар шабуыл жасады. Нысанда өрт шығып, қызметкерлер эвакуацияланды деп жазады Kursiv Media компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Ozon өкілдерінің мәліметінше, логистикалық орталықтағы барлық қызметкер жедел түрде қауіпсіз жерге көшірілген.
Оқиғаға байланысты компания қоймада сақталған тауарларды маркетплейстің сату сөресінен уақытша алып тастайтын болды. Сондықтан бұл тауарларға тапсырыс беру мүмкін болмайды. Егер дәл сондай тауарлар басқа логистикалық орталықтарда болмаса, олардың мәртебесі «Қоймада жоқ» деп өзгертіледі. Компания кейбір тапсырыстарды тоқтататынын, ал қалғанын басқа логистикалық орталықтар арқылы жеткізуге тырысатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар шабуыл жасалған орталық FBO моделі бойынша тауар қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл модельде сатушылар өз тауарларын маркетплейстің қоймасына тапсырады, ал сақтау мен жеткізуді компания өзі жүзеге асырады.
Биыл тамыз-қыркүйек айларында Украина дрондары Ozon маркетплейсінің қоймаларына бірнеше рет шабуылдаған. Кемінде бес қаладағы логистикалық орталықтарға зақым келді. Осыдан кейін маркетплейс сатушыларға тауарларын Алматы мен Астанадағы қоймаларға орналастыруды ұсынған.
Жалпы Ozon дрон шабуылдарынан 30 млрд рубльден астам шығынға ұшырағанын мәлімдеді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 03
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қараша 2026