Ташкентте тағы бір қазақ футболшысы ауруханаға түсті
Өзбекстанға футбол турниріне барған тағы бір жасөспірім ауруханаға түсті. Бұл туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі хабарлады деп жазады Kursiv Media.
«2 қараша күні кешкі сағат 17:00-де №5 қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағы бір бала жатқызылды. Осылайша, ауруханаға түскен Қазақстан азаматтарының жалпы саны 18 адамға жетті. Оның 12-сі – бала, алтауы – ересек адам. 3 қарашадағы жағдай бойынша қажетті ем қабылдап, денсаулығы жақсарған 10 адам ауруханадан шығарылды. Олардың алтауы – бала, төртеуі – ересек адам», – деп жазылған елшілік хабарламасында.
Елшілік Өзбекстандағы Денсаулық сақтау министрлігі және Ташкент әкімдігінің тікелей көмек көрсетіп жатқанын, қазақстандықтарды емдеу үшін барлық жағдаймен қамтамасыз еткенін жазады.
Науқастардың жағдайы қалыпты, балалардың денсаулығы жақсарып келеді. Дегенмен жасөспірімдердің ауыруына себепші болған талдама қорытындысы әлі ресми түрде хабарланбады.
Турнирге барған қазақстандықтардың өзгелері Қазақстанға оралды. Елшілік мәлімдеуінше, үшінші қарашада Ташкенттен 13 адам келген. Жалпы халықаралық турнирге қатысуға балалар мен олардың ата-аналарын қосқанда 95 адам барған. Қазір олардың он екісі Өзбекстанда қалып, емделіп жатыр.
Бұған дейін Қарағандыдан Ташкентте өткен футбол турниріне барған бір топ бала уланып, ауруханаға түскенін жазған едік. Өзбекстан министрлігінің мәліметінше, олардың бойынан жедел диарея белгілері байқалып, барлығы мамандандырылған ауруханаға жеткізілген. Осы жағдайға қатысты Ташкент прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 03
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қараша 2026