Астанада демалыс орнында өрт шықты
Астана қаласының демалыс орнындағы құрылыстардың бірінде – моншада өрт шыққан, деп хабарлайды Kursiv.media.
ТЖМ ақпаратынша, Астана қаласының 112 пультіне Сарайшық ауданындағы өрт туралы хабарлама келіп түскен.
«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде демалыс орнының аумағында жеке тұрған моншаның өртеніп жатқаны анықталды. ТЖМ күштері мен құралдары өртті сөндіруге жедел кірісті», – делінген ақпаратта.
ТЖМ дерегіне қарағанда, өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Айта кететін жайт, Астана қаласы Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққан еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 03
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қараша 2026