Шығыс Қазақстан мен Маңғыстаудағы үш әуежайдың құрылысына қанша қаржы кетті
2027 жылы Шығыс Қазақстанның Зайсан мен Қатон-Қарағай ауданы мен және Маңғыстау облысындағы Кендірлі елдімекенінде жауа әуежайлар ашылады. Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев үкімет брифингінде бұл нысандардың құрылысына қанша қаржы кеткенін айтты.
Бұл нысандардың құрылысы 2024 жылы басталған. Зайсандағы әуежайдың құрылысына 68 млрд теңге қаржы жұмсалса, Кендірлідегі нысанға 69 млрд теңге жұмсалған.
Ал Қатон-Қарағайдағы әуежай құрылысының құны – 89 млрд теңге. Нәлібаев үш әуежайды өзі барып көргенін, құрылысты уақытында аяқтау туралы нақыт тапсырма берілгенін атап өтті.
«2026 жылдың соңында Зайсандағы әуежай құрылысы толық бітсе, Қатон-Қарағайдағы әуежайдың құрылысын 2027 жылдың ақпан айында аяқтап, ел игілігіне тапсырамыз. Ал Кендірлінің де құрылысы биыл жыл соңына дейін бітеді. Бұл ретте құрылыс аяқталған соң, оның құжаттарын реттеуіміз керек, лицензиялар алу керек. Сондықтан 2027 жылы ғана жолаушы мен әуе көліктерін қабылдайды», – деді ол.
Зайсан мен Катон-Қарағайдағы әуежайлардың құрылысын «Элхон» компаниясы жүргізіп жатыр. Бұл кәсіпорын Мәжілістің бұрынғы депутаты Луқбек Тумашиновтың жубайы Сәуле Тумашиноваға тиесілі. Бұған дейін аталған әуежайларды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланған болатын.
Сонымен қатар ерлі-зайыптыларға «ОблШығысЖол» компаниясы да ортақ тиесілі. Аталған кәсіпорын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысына жауапты болды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 03
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қараша 2026