Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

СҚО-да әкімдік қызметкері өзіне қол салмақ болды

kz.kursiv.media

СҚО-да әкімдік қызметкері өзіне қол салмақ болды

Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімдігінің 62 жастағы қызметкері сірке қышқылын ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған. Оқиға орнынан оның қоштасу хаты табылған деп жазады Kursiv Media Tengrinews-ке сілтеме жасап

Оқиға 3 қарашада Мағжан Жұмабаев ауданында болған. Әлеуметтік желіде мемлекеттік қызметкердің аудан әкімдігінде жүргізілген қаржылық тексеріске байланысты осындай қадамға барғаны деген ақпарат тарады. Алайда әзірге оның әрекеті мен тексеріс арасында байланыс бары ресми түрде расталған жоқ.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«3 қарашада аудандық ауруханаға улану белгілері бар 62 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілді. Оқиға орнынан сірке қышқылы құйылған бөтелкелер мен қоштасу хаты тәркіленді. Қазір тергеу аясында қажетті амалдар жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар