Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

kz.otyrar.kz

Қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

Шымкент қаласы Политехникалық колледжінде қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің маманы Серік Саламат Ерғалиқызы және Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысының орынбасары, подполковник Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов қатысты. Кездесу офлайн форматта ұйымдастырылып, өзге колледждердің студенттері Zoom платформасы арқылы тікелей эфирде қосылды. Кездесуде қаржылық сауаттылық, қаржы пирамидалары, интернет-алаяқтық, заңсыз ойын бизнесі, есірткі және электрондық темекінің заңсыз айналымына қатысты мәселелер кеңінен түсіндірілді. Бұл шара студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және құқықтық аспектілер бойынша білімдерін кеңейтуге бағытталды. Аталмыш шара «Құқықтық сананың деңгейін арттыру» бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы деуге болады. Заңның үстемдігі мен әділеттілікті, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясатын жастарға түсіндіру шараның негізгі бағыттарының бірі деуге болады.

Кездесу барысында Спикерлер қаржылық сауаттылық, қаржы пирамидалары, интернет-алаяқтық, заңсыз ойын бизнесі, есірткі және электрондық темекілердің заңсыз айналымы сынды өзекті мәселелерді жан-жақты түсіндірді.

Серік Саламат Ерғалиқызының айтуынша, бүгінде жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру қажет. «Жастардың қаржылық білім деңгейін көтеру олардың болашағына оң әсерін тигізеді. Бұл тек қаржы мәселелеріне қатысты емес, сонымен қатар олардың құқықтық сауаттылығына да байланысты», — деді ол.

Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов болса, қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аударды: «Интернет алаяқтығы, заңсыз ойын бизнесі және есірткі заттарының заңсыз айналымы — жастар үшін қауіпті. Сондықтан, студенттерге осындай жағдайлардан сақтану туралы ақпарат беру өте маңызды», — деді.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты кеңестер алды. Шараның мақсаты — жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ, оларды қоғамдағы заңсыз әрекеттерден қорғау. Еліміздің болашағы — жастардың білім деңгейі мен құқықтық санасының артуына үлес қосу үшін осындай ақпараттық кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұдан бөлек, аталмыш оқу ордасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында » Саналы ұрпақ» үйірме мүшелерінің қатысуымен «Адал азамат- ел болашағы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға бейімдеу, жауапкершіліктің құқықтық және адамгершілік негіздерін орындауға ұстаным қалыптастыру. Шараны «Құқық негіздері»пәнінің оқытушысы Күлдана Пірназарова ұйымдастырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар